Бірінші күн
Бірінші күн

Бірінші күні түнде ояну қиын болды. Сәл болмағанда сәресіне ұйықтап қала жаздадым. Әйтеуір, екі-үш будильник шулап жатып ояндым. Беті-қолымды жуып, кеште ауыз бекітуге дайындап қойған тамағымды тауыстым. Барып дәрет алып таң намазымды оқыдым. Тойып алып ұйықтау қиын екен. Ары-бері жыбыр-жыбыр үй жұмыстарын істеп таңғы төртке таман ұйқыға кеттім. Ораза барысы жеңіл өтуде.

Әншейінде қыздарға көп көз салатынымды байқадым. Қарсы қыз келе жатқанын көріп жүзіңді жолға қадап бара жатқанда нәпсі кербезге ең ғұрмаса бір қарауға сұранып тұрады екен. Аузың берік екені есіңде болса бұныда қолға алуға болады.

P.S. Кешкісін бұйыртса ағамның үйіне барып ауыз ашпақшымын, олар менің ауыз бекіткенімді әлі білмейді.

ораза, рамазан, нәпсі
TonyTony
1 год назад 506
2 комментария
О блоге
0
598 5 5 0 3